Қоғам

Арқалықтағы екі колледжде бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды

Арқалық қаласындағы екі колледжде бюджет қаражатының жұмсалуына қатысты заң бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады.

ақша

Прокуратура Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі мен Арқалық политехникалық колледжінің қызметіне тексеру жүргізген. Нәтижесінде мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бөлінген қаражаттың мақсатсыз пайдаланылғаны белгілі болған.

Атап айтқанда, мемлекеттік грантпен күндізгі бөлімде оқып жүрген кейбір студенттердің Қазақстанның өзге өңірлерінде бір уақытта ресми еңбек қызметін атқарғаны анықталған. Прокуратура мұны мемлекеттік қаржыландыру талаптарының бұзылуы деп бағалады.

Қабылданған прокурорлық шаралардан кейін бюджетке 3 млн теңге қайтарылды. Сонымен қатар заң бұзушылыққа жол берген бес лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазір білім беру ұйымдарында бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты жұмсауға, сондай-ақ мемлекеттік қаржыландыруды нақты білім алушылар санына сай жүргізуге бағытталған жұмыстар жалғасып жатыр.

 

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз