«АрселорМитталдың» Қазақстанға ешқандай талабы жоқ – Шарлапаев
Министр қарқынды келіссөздер нәтижесінде 2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан үкіметі мен ArcelorMittal арасында қазақстандық тарапқа кәсіпорынның қызметін бағалау және аудит жүргізуге мүмкіндік беретін тоқтау туралы келісімге қол қойылғанын атап өтті, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
«АрселорМиттал Қазақстан Республикасына бұдан әрі ешқандай талаптар қоймайтынын атап өткім келеді, яғни АМТ көзқарасы бойынша талаптардан, талап қоюлардан және басқа да іс жүргізу түрлерінен толық бас тарту туралы келісім жасалған. Қазақстан Республикасына қатысты бізде де талаптардан бас тартуымыз бар», - деді Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.
Оның айтуынша, келіссөздер кезеңі 11 бөлімнен тұрған, әрі нәтижесінде екі тарап та принципті ұстанымдарға жетті.
«Қазақстан үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы келісімді мега-мәміле деп атауға болады, бұл біздің еліміз үшін ерекше маңызға ие. Біз басқа елдердің үкіметтері кездесетін көптеген тәуекелдерден аулақ болдық», - деп атап өтті министр.