Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:17, 05 Ақпан 2024

Әртістік жүзуден Қазақстан спортшылары әлем чемпионы атанды

әртістік жүзу
Фото: из открытых источников

Қазақстан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында алғашқы рет алтын жүлде иеленді, деп жазды Zhasalash.kz.

Дохада өткен су спорт түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық Эдуард Ким мен Нарғыза Болатова әртістік жүзуден алтын медаль еншіледі. 

Қазылар қазақстандық жұптың өнеріне 228,0050 ұпай берсе, қытай жұбы Хаоюй Ши мен Вэньтао Чен күміс жүлде (223.3166 ұпай), мексикалық Диего Вильялобос пен Миранда Баррера (217.4692) қола жүлде иеленді.

18 жастағы Ким мен 20 жастағы Болатова финалға 4-орынмен шыққан еді.

Дохада Эдуард Ким мен Нарғыза Болатова аралас жұптың еркін бағдарламасында да медальға таласады. 

Бұған дейін, Эдуард Ким  Фукуокада (Жапония) өткен әлем біріншілігінде ерлер арасындағы әртістік жүзудің техникалық бағдарламасында қола медаль алған еді.