Арыс қаласындағы жарылыстан көліктер аударылыпты
Бүгін Түркістан облысы Арыс қаласында жойқын жарылыс болды. Бұл туралы оқиға куәгері Жас АЛАШ тілшісіне айтып берді.
«Балаларды лагерге алып бара жатқан едік. Кенет жойқын жарылыстың куәгері болдық. Басында жай түтін шықты. Кейінгі жағдайды айта алмаймын. Сол жерге жақын маңдағы көліктер тіпті аударылып кетті. Автобустағы балалардың қорыққаннан аяқ-қолы сіресіп қалды». — дейді төтенше жағдайдың куәгері Ақбөпе ЕРГЕШ.
