Саясат

Арыстағы жарылыс: Тоқаев твиттерде тапсырма берді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Түркістан облысына қарасты Арыс қаласындағы жарылысқа қатысты шұғыл бұйрық берді.

Арыстағы жарылыс: Тоқаев твиттерде тапсырма берді

 Өзінің Ішкі істер министріне берген бұйрығын желігежүктеген мемлекет басшысы былай депті.

«Түркістан облысы ІІМ-не Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында орын алған жарылысқа қатысты жедел шаралар қабылдау жөнінде бұйрық бердім. Шұғыл түрде тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп жарылыстың неден болғанын анықталуы қажет,» — дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Бүгін таңертең Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімнің қоймасында өрт шығып, артынша жарылыс болған. Бұл ақпаратты Қазақстан қорғаныс министрлігі хабарлаған еді. Ведомстваның мәліметіне сүйенсек әскери оқ-дәрілер жарылыпты. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебін анықтау жұмыстары басталып кеткен. 

Фото: info24.ru

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз