спорт

Әсел Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық каратэші Әсел Қанай Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.

Әсел Қанай

ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Әсел Қанай 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Финалда қазақстандық спортшы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері әрі Азия ойындарының жеңімпазы қытайлық Гон Лимен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте Қытай спортшысы басым түсті.

Финалға дейін Әсел Қанай үш қарсыласын жеңді. Ол 1/8 финалда Бангладеш өкілі Актер Хумайра Антораны 9:1, ширек финалда моңғолиялық Маралжингоо Пуревжавты 6:0, ал жартылай финалда Камбоджадан келген Чакрия Ванды 3:0 есебімен ұтты.

Әсел Қанай – әлем чемпионатының және 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының қола жүлдегері.

Бұған дейін Жапониядағы Азия ойындарында каратэден Жоламан Биғабыл (-55 кг) мен Софья Берульцева (+68 кг) Қазақстан қоржынына алтын медаль салған.

XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан атынан спорттың 35 түрінен 558 спортшы сынға түсіп жатыр. Жарыс 4 қазанға дейін жалғасады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз