Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:00, 01 Қараша 2024

Әскерде "дедовщина" жоқ - Қорғаныс министрлігінің өкілі

1
Фото: Казправда

"Әскерде әлімжеттік жоқ". 

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Руслан Омаров мәлім етті.

 "Қазіргі уақытта әскерде "дедовщина" деген ұғым жоқ. "Дедовщина"  борышын өтеп жатқан және әскерге жаңадан келгендер арасындағы келіспеушіліктен туады. Қазір Қарулы Күштер мен басқа да әскери күштер қатарында бір шақырылымның өкілдері ғана қызмет етіп жатқанын ескерсек, бұл жерде "дедовщина" туралы айтудың өзі артық", - деді Омаров. 

Қорғаныс министрлігінің өкілі жастардан өз елінің патриоты болуға шақырды.

"Мен 18 жаста азамат әскерге психологиялық тұрғыдан қалыптасып келеді деп есептеймін. Ал Қарулы Күштерден және басқа да әскери құрылымдардан әскерге алынған азаматты бір жыл ішінде өз елінің патриоты етіп шығару талабы – бұл тым жоғары талап.  Бұл патриоттық сезімді балаларға мектептен бастап, жоғары оқу орындарында санасына сіңдіруіміз керек", - деді Руслан Омаров.

Айта кетейік, қыркүйек айында қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қарамағындағыларға әскердегі әлемжеттікке жол бергені үшін сөгіс жариялаған болатын. Елімізде кейінгі үш жылда 270 әскери қызметкер қаза тапқан. 

Тегтер: