Қоғам

Халықаралық оқу-жаттығулардан кейін әскери техниканың шетелде қалғаны рас па?

Threads әлеуметтік желісінде халықаралық әскери оқу-жаттығулардан кейін Қазақстан Қарулы күштерінің техникасы елге қайтарылмағаны туралы ақпарат тарады.

Танк

Алайда бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, әскери техника оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін, 2026 жылғы 6 қазанда орындарына жеткізілген.

Ақпараттық кеңістіктегі жалған мәліметтерді анықтайтын орталықтың мәліметінше, жазба авторы оқиғаны әдейі бұрмалап, техниканың қайтарылмауын шет мемлекетке әскери көмек көрсету немесе "Отанға опасыздық жасау" деп бағалауға бола ма деген сауал қойған.

Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мұндай тәсіл оқырманды эмоциялық пікірталасқа тартып, оқиғаның себеп-салдары туралы жаңсақ түсінік қалыптастыруы мүмкін екенін атап өтті.

Жалған ақпаратты тарату кезінде нақты болған оқиғаға, яғни әскери оқу-жаттығулардың өтуіне, шындыққа сәйкес келмейтін мәлімет қосылған. Кейін бұл тұжырым пікірлер, қайта жарияланымдар, хабарламалар мен скриншоттар арқылы таралып, кейбір қолданушылар оны расталған дерек ретінде қабылдауы мүмкін.

Орталық азаматтарды әлеуметтік желідегі мәліметтерді бөліспес бұрын олардың дұрыстығын ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырды. Сондай-ақ көрінеу жалған немесе шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты тарату Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз