Аслан Мусин мемлекетпен соттасып жатыр
Бұрынғы шенеунік Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Мусин 2017 жылы 22 желтоқсанда Ригада қайтыс болған.
Одан кейін әке ұлының мұрасын қабылдау үшін нотариусқа жүгініп, одан 2018 жылдың жазында мұрагерлік құқығын алды. Асылбек марқұмың артында 567 шаршы метрлік екі қабатты үйі, 46 шаршы метрлік гаражы, 70 шаршы бильярд бөлмесі, 90 шаршы метрге жуық моншасы қалыпты.
Ең қызығы, «Ратель» басылымының тілшісі анықтағандай, Аслан Мусинге мұрагерлік құқығы берілген кезде нотариус Асылбектің артында қалған мүлігі туралы білмеген екен. Биыл тамыз айында құжаттарды ақтарып отырған Аслан Мусин ұлының бірнеше ЖШС-тің құрылтайшысы болғанын біліпті. Сосын, «Азаматтарға арналған үкіметке» сұрау салып, Асылбектің жарғылық капиталының 42 пайыздық үлесімен «А-полиграфия» ЖШС-інің, 48,5% үлеспен «МК-Бизнес» ЖШС-інің, 42% үлеспен «Алико» ЖШС-інің, 35% үлеспен «Портал-Б» ЖШС-інің, 48% үлеспен «Меридиан-С» ЖШС-інің құрылтайшысы болғанын анықтайды.
Оның айтуынша, 2013 жылдың қарашасында Асылбектің үлесін заңсыз жолмен бөтен біреулер иемденіп кеткен.
Құжаттарға сәйкес, 2013 жылдың 11 қарашасында Аслан Мусинің Әнуарбек деген бөлесі Асылбектің сенімхаты бойынша Асылбектің жаңағы ЖШС-тердегі үлестерін құрбандыққа шалып, «Ақтөбе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» меншігіне өткізе салған.
Аслан Мусин келтірген мәліметтерге сәйкес, ол кезде Асылбек Қазақстанда болмаған. Ендеше, нотариустың Әнуарбек Мусинге сенімхат жазып беруі мүмкін емес. Асылбек 2012 жылдың 29 тамызында Ресесйге кетіп, 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстанға келмеген. Мұнда үлкен бір былық бар екенін алға тартқан ол енді соттан ұлының атынан үлестерін сыйға тарту туралы келісімшарттарды заңсыз деп тануды сұрап отыр.
Күні кеше, Ақтөбе қалалық соты марқұм Асылбектің көзі тірісінде «Ақтөбе ӘКК» мемлекеттік корпорациясына өткізіп жіберген активтерінің бір бөлігіне оларды сақтау үшін, шектеу салып, жаңа қожайынының оларға тиісуіне тыйым салды.
Айта кетсек, «Ақтөбе» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ 2010 жылы «Батыс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясын» АҚ ретінде қайта құру негізінде пайда болған. Оның жалғыз акционері – Ақтөбе облысының әкімдігі.
Аслан Мусин ұлымның өз меншігін мемлекетке беруі мүмкін емес, дейді. Жасалған келісімдердің барлығын заңсыз деп, тануды сұрап отыр. Егер сот, шынымен, заңсыз деп таныса, бұрынғы саясаткер сол мүліктің мұрагері