Саясат

Асқар Мамин тағы премьер-министр болып тағайындалды

Премьер-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасы мақұлданды.10 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаттары сайланғаннан кейін Үкімет заң бойынша отставкаға кетуі керегін айтқан болатын.

Асқар Мамин  тағы  премьер-министр болып тағайындалды

Мәжілісмендердің көпшілігі Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.

"Қатысып отырған 99 депутат, жақтағандар 78, қалыс қалғандар 21", — деп оқыды дауыс беру нәтижесін Нұрлан Нығматулин.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді құттықтады. 

Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда туған. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті болып қызмет еткен, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды.

2019 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып тағайындалды.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз