Ассамблея, сені қайтейін?!
Елбасы Назарбаевтың жарлығымен құрылғанҚазақстан халқы ассамблеясына биыл 25 жыл толады.
Айтулы дата. Әрине, әр қаладағы«Достық» үйіне жиналған Қазақстандағы этнос өкілдері орталығының ел дамуында орныжоқ емес, бар. Бірақ мемлекеттің тұрақтылығы үшін Қазақстан халқы ассамблеясыне істеді? Ассамблея негізгі мемлекетқұрушы ұлт – қазақтың тілінде сөйлей алдыма? Ассамблеяға бөлінетін қыруар қаржы қайда кетіп жатыр? Сұрақ көп. Өйткеніхалық тарапынан қойылатын осындай күмәнді сауалдарға ашық түрде жауап береалатын адам жоқ. Сосын, көкейдегі сауал түйін болып қала береді.
Рас, елбасы жарлығымен құрылған ассамблея –консультативтік-кеңесші орган. Десек те, аты айтып тұрғандай, қоғамда қордаланыптұрған мәселелерді талқыға салуға немесе кеңес беруге басқа емес, Түймебаевтың саяси деңгейіжетеді. Біздің де ассамблея төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевқа қоярсауалымыз жеткілікті. Бірсыпырасын тізейік. Дәл қазіргі уақытта Қазақстандағыэтнос өкілдерінің қанша пайызы қазақ тілінде еркін сөйлей алады? Республикамыздыңбарлық облыс орталығындағы «Достық» үйіндегі мекемелер немен айналысады? Мәдениіс-шара, көрме өткізумен ғана ма? Олармемлекеттік тілді меңгеру тұрғысында не істеп жатыр? Ассамблея басқа этнос өкілдерініңқанша пайызын қазақша сөйлетті?
Бұл сауалды одан ары жалғастыра беругеболады. Бірақ ассамблея Қазақстандағы этнос өкілдерінің ғана ортақ шаңырағыемес қой. Бұл жерде негізгі ұлт – қазақ бар. Ассамблея сол ортақ шаңырақтыңастына біріккен мәдени орталықтарға қаншалықты Қазақстан ортақ мемлекетіміз екенін ұғындыра алды? Мұны неге айтыпотырмыз? «Қордай қақтығысынан» кейін желідегі жұрттың әңгімесі ассамблеяның болашағы жайында болып кетті. Ақиқаты,қазір ассамблея құрылған 1995 жылдардағы кезең емес. Ол кезде қазақтың саны 50пайыздың шамасында ғана болды. Ұлтаралық татулықты ту етіп, жағдайды тұрақтандыруүшін ассамблея керек болды. Бұл қадам тиісінше нәтижесін берді де. Бірақ қазіргіуақыт басқа. Сондықтан бүгінгі ассамблея өз жұмысын мүлде басқаша үйлестіруітиіс. Өйткені бұл іргелі ұйымға бүгінде елдің сенімі барған сайын азайып барады. Халықарасындағы, интернет пен әлеуметтік желідегі айтылып, жазылып жатқан пікірлердітаразыласақ, оны бірнеше топқа жіктеп, сараптап қарауға болады.
Мәдени іс-шараөткізумен ғана шектелетін Қазақстан халқы ассамблеясының қазіргі уақытта қажетішамалы.
Жалпы, Ассамблея – жасанды, қажетсіз, шығыныөте көп ұйым.
Ассамблея Қазақстандеген іргелі мемлекеттің ұлтаралық тілі қазақ тілі екенін еліміздегі басқаэтностарға бүгінгі күнге дейін ұғындыра алған жоқ.
Ассамблея атынан сайланған тоғыз депутаттыңел қатарлы партиялардың атынан сайланғаны жөн. Оларға берілген өкілеттілік артық.
Ассамблея негеосы уақытқа дейін басқа этнос өкілдері тығыз қоныстанған аймаққа барып,жергілікті атқарушы билік пен сарапшылармен бірлесіп, олардың тыныс-тіршілігін,рухани, мәдени, саяси көзқарасын зерттей алмады?
Егер аталған іргелі ұйымды шын мәнінде керек дептапсақ, еліміздегі басқа этнос өкілдері Қазақстанды ортақ тарихи Отанымыз депсезінуі үшін ассамблея жұмысына бүгіннен бастап қайтадан түбегейлі реформажасалынуы керек.
Олай етпеген жағдайда,құдай сақтасын, Қордай қақтығысы секілді адам баласын құрбандыққа апаратын кездейсоқ оқиғалар кенеттен қайталана береді.
Әрине, біз әлеуметтік желіде жиі айтылып,сөз болып жүрген жайттардың негізгілерін ғана таразылап отырмыз: пікірлердіңбасым көпшілігі «ассамблеяның түкке керегі жоқ» дегенге саяды. Бірақ расын айтукерек, тәуелсіздік алғаннан бастап, тарихи миссиясын адал атқарған іргелі ұйымның жұмысын мүлде жоққа шығару болмайды. Десекте, ассамблеяның жұмысына жұрттың көңілі толмайды. Содан келеді де, сенімазайып, пікір қайшылығы көбірек орын алады. Өткенде фейсбуктегі парақшасындаЛ.Дүйсембекова «Ассамблея қаражатты не істейді?» деп жазды. Ықшамдап, сөзбе-сөзкелтірелік: «Ассамблея өзініңсессиясын өткізуге 68 млн теңге, сол сессия кезіндегі концертке 71 млн теңге жұмсайдыекен. Алғыс айту күнін бекер ойлап таппапты, оған 21,9 млн теңге жұмсаладыекен. «ЭтноFashion» деген фестиваль өткізуге 11,8 млн теңге. «Көшбасшы бол!»деген жобаға – 10 млн теңге. Этникалық театрлардың республикалық фестивалін өткізуге– 119 млн теңге. Осылай кете береді. Ерігіп ән салып, би билеп жүргендергесудай ағып кетіп жатқан қайран қаражат! Ассамблеяға жыл сайын 3 млрд теңгегежуық қаражат бөлінеді екен. Не болса соған ақша шашып отыратын ұйымның қажетіжоқ».
Күдік қайдантуады? Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «халыққа құлақ асатын үкімет» құрудытапсырды. Демек, үкімет, жергілікті билік, мейлі президент әкімшілігі болсынхалыққа ашық болуы қажет. Жоғарыдағы деректер шын мәнінде ақиқат болса, ол, әрине, орасан зор көлемдегі қаражат. Ал қара халыққа түк те пайдасы болмайтын фестивальдер мен байқаулардыңқажеті қанша? Есеп беру үшін бе? Одан да бұл қаржыны ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе отырып жәнесарапшыларды шақырып, еліміздегі этностар тығыз қоныстанған «қауіпті аймақтарды»зерттеуге жұмсаса, ол концерт көруден гөрі анағұрлым артық болар еді. Мемлекеттіңтұрақты дамуына да пайдасы тиеді.
Сондықтан қазіргі уақыттың басқа кезең екенін ескере келе,ассамблея ұлттың болашағы үшін мына бір ұлы нәрсені үнемі қаперге алуы керек: ассамблеяқазақ тілінде сөйлеуі тиіс. Бүкіл жиыны қазақша өтуі керек. Сонда ғана Қазақстандағыбасқа этностар қазақ ұлтының тарихижауапкершілігінің жоғары екенін санасына түйеді және сезінеді. Әйтпесе бәрі бекер.
Батыр ЖАСҰЛАН