Астана қаласында қаржы пирамидаларымен тиімді күресу шаралары жүргізілуде
Астана қаласында қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтықпен күресті ақпараттық қамтамасыз ету және түсіндіру жұмыстар кеңінен жүріп жатыр.
Астана қаласында қаржылық пирамидалармен және интернет-алаяқтықпен тиімді күресу үшін азаматтарды ықтимал қауіптерден ескертетін және оларды қорғау әдістерін үйрететін ақпараттық науқан жүргізілуде.
Соның ішінде қаржы пирамидаларымен күрес үйымдары тәрбиелік науқандарды өткізу, білім беру мекемелерімен ынтымақтастық, сақтық шаралары туралы ақпарат бар брошюралар, парақшалар, плакаттар мен бейнероликтер, тәуекелдер мен қорғау әдістері туралы материалдар мен мақалаларды жариялау үшін жергілікті БАҚ-пен өзара әрекеттесу, консультациялық орталықтар, әлеуметтік-мобильді бағдарламалар мен платформалар арқылы түсіндіру жұмыстары орын алады. Аталған шаралар мектеп қабырғасындағы, мобильді құрылғыларды көп қолданатын оқушыларды, сондай-ақ басқа да азаматтарды қорғауға, қаржылық алаяқтықтан және онлайн қауіптерден жақсырақ қорғай алатын ақпараттандырылған қоғам құруға көмектеседі.
Сондай-ақ кез келген БАҚ беттерінде қаржылық пирамидаға тап болған адамдарға Нұр-Сұлтан қаласындағы Экономикалық тергеу департаментіне хабарласу қажеттігі көрсетілген. Яғни 8(7172) 31-61-45 көрсетілген сенім телефондарына қоңырау шалып, азаматтар консультациялар ала алады.