Қоғам

«Астана LRT» құрылысы кезінде тағы да көтергіш кран құлады

«Астана LRT» желісінің құрылысы кезінде тағы да көтергіш кран құлады.

d

Оқиға Есіл ауданында Керей Жәнібек хандар мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында, "Жыл мезгілдері" тұрғын үй кешенінің жанында болған. Зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ.

ZOOMLION автокөлік краны China Railway Asia-Europe Construction Investment-ке тиесілі. Апаттың алдын-ала себебі – шамадан тыс жүктеме екені айтылды. Қазір аталған дерек бойынша комиссия құрылғаны белгілі болды.

Айта кетейік, былтыр қазан айында LRT аумағында кран көлікке құлаған болатын.

Фото: Aibek Imankozhoyev

Тегтер: LRT Астана
Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз