Қоғам

Астана маңында өткен бәйгеде 3 жасар бүлдіршінді жылқы таптап кетті

Астана маңындағы ауылда өткен бәйге қайғылы жағдаймен аяқталды. Ат жарысы кезінде 3 жасар бүлдіршінді жылқы таптап кетіп, бала ауыр жарақат алды.

Денсаулық

Оқиға Талапкер ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бүлдіршін 8 жастағы әпкесімен бірге үйінің маңында ойнап жүрген кезде ауыл көшесінде ат жарысы ұйымдастырылған. Сол сәтте бала жылқылардың арасына түсіп қалған.

Қазіргі уақытта бүлдіршін жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оған ішкі ағзаларының зақымдануы, бас-ми жарақаты және қолының сынуы диагноздарын қойған.

Зардап шеккен баланың анасы оқиғаға кінәлі адамдарды жауапқа тартуды талап етуде.

Аталған дерек бойынша полиция тексеру жұмыстарын бастап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз