10:18, 31 Қазан 2024
Астана соты аккредитациялауға қатысты 9 журналистің арызын қарауды бастайды
31 қазан сағат 11.45-те Астана қаласының Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты журналистерді аккредитациялаудың стандартты ережелерін жою туралы тоғыз журналистің ұжымдық талап арызын қарауды бастайды. Бұл туралы «Әділ сөз» ұйымы хабарлады.
Тыңдаушылар процесске Zoom сілтемесі арқылы қосыла алады.
Естеріңізге сала кетейік, талап қоюшылар Мәдениет және ақпарат министрлігі бекіткен бұйрықтың кейбір тармақтарын заңға қайшы деп тануын талап етіп, олардың күшін жоюды талап етуде.
Журналистерге құқықтық қолдау көрсету және олардың мүдделерін сотта қорғауды «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры жүзеге асырады.