Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:18, 26 Маусым 2024

Астана соты Нұрсұлтан Назарбаевты бар байлығынан айырудан бас тартты

Назарбаев
Фото: gov.kz

Қазақстан азаматы Қайыргелді Смағұлов елдің бұрынғы президентін сотқа беріп, оның барлық мүлкі мен активтерін мемлекет пайдасына тәркілеуді талап етті. Бұл туралы Nege.Aqsha арнасы мәлімдеді.

Талапкердің айтуынша, Назарбаев президент лауазымын атқара отырып, өзінің әрекеті және әрекетсіздігі арқылы «барлық адамзатты өлім қаупіне ұшыратты», сондықтан ол 30 жыл ішінде сатып алған барлық активтерін қайтаруы керек.

Алайда бірінші және екінші инстанция соттары «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» заңның 36-бабына сүйене отырып, оның талабын қанағаттандырудан бас тартты. Оған сәйкес Назарбаев тек мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ғана жауапқа тартылуы мүмкін. Ол президенттік өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты әрекеттері үшін жазаланбайды.

«Назарбаев Н.Ә. экс-президент ретінде (қол сұғылмайтын) болып қалады және тек мемлекетке опасыздық жасағаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, сондықтан сот Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезіндегі әрекеттеріне байланысты талап-арызды қабылдаудан бас тартты», - деді сот.

Тегтер: