Қоғам

Астанада 200-ден аса жетім баланы үй кезегіне тіркемеген

Астана прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үйге қатысты құқықтарының бұзылғанын анықтады.

а

Уәкілетті орган «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабын бұза отырып, он төрт жасқа толмаған тұлғаларда тіркеудің болмауына, сондай-ақ отбасы мүшелері болып табылмайтын қамқоршыларға тіркелген мүліктің болуына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан, делінген прокуратура мәлімдемесінде.

Прокурорлық қадағалау шараларымен 200-ден астам жетім бала тұрғын үй алуға кезекке қойылған.

Тегтер: Астана
Nazym Sapar
Nazym Sapar Nazym Sapar

Оқыңыз