12:21, 30 Сәуір 2024
Астанада 7 жылдан бері жоқ мектеп қызметкерлеріне жалақы аударылған
Елорда прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілері туралы хабарлады.
Прокуратура мәліметінше, 7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлеріне жалақы мен сыйақылар заңсыз аударылған.
Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 млн. теңгеден астам. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады.
Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын сотталғандардан өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.