Қоғам

Бозымбаев сарбаздардың өліміне кінәлілер қатаң жазаланатынын мәлімдеді

Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеме жасады.

Бозымбаев

Президенттің тапсырмасымен Қанат Бозымбаевтың жетекшілігімен арнайы Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтайды.

Оқиғаға қатысты қылмыстық істер қозғалған. Тергеу жан-жақты әрі мұқият жүргізіліп, қысқа мерзімде аяқталуы тиіс.

Қанат Бозымбаев қайғылы жағдайға әкелген әрекеттері үшін кінәлі лауазымды тұлғалардың барлығы заң алдында жауап беретінін айтты. Оның сөзінше, кінәлілерге ең қатаң жаза қолданылмақ.

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Вице-премьер тергеу барысын және марқұмдардың жақындарына қолдау көрсету жұмыстарын жеке бақылауына алған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз