Қоғам

Каспийде қаза тапқан әскерилердің аты-жөні жарияланды

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 12 әскери қызметші қаза тапқан. Тағы екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бір сарбаз ауруханаға жеткізілген, дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Әскер

Қаза тапқандардың басым бөлігі – мерзімді әскери қызметшілер.

Марқұмдардың тізімі:

Олжас Мұхтарұлы – аға лейтенант;

Сержан Аяпберген – матрос, қатардағы жауынгер;

Өмірбек Өмірзақ – матрос, қатардағы жауынгер;

Алмас Көбенов – матрос, қатардағы жауынгер;

Ақылбек Төлеген – матрос, қатардағы жауынгер;

Жеңіс Темірғалиев – матрос, қатардағы жауынгер;

Мейрамбек Бердіханов – матрос, қатардағы жауынгер;

Әсет Жаңабай – матрос, қатардағы жауынгер;

Азамат Мадихан – матрос, қатардағы жауынгер;

Дастан Бегей – матрос, қатардағы жауынгер;

Ақжайық Гилаж – матрос, қатардағы жауынгер;

Олжас Диханбаев – матрос, қатардағы жауынгер.

Қазір Мансур Гумаров пен Мирас Тұрдыбекұлын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Ақжол Темерхан ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз