Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:23, 28 Мамыр 2024

Астанада АЭС салу жөніндегі жобаның бірінші форумы өтіп жатыр

f
Фото: из открытых источников

Астанада Энергетика министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасында АЭС салу жөніндегі жобаның бірінші стейкхолдерлер форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Онда энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев журналистердің Қазақстанда АЭС ті кім салады деген сауалына жауап берді. 

«Мұны тендер шешеді. Қазіргі уақытта алдын ала біліктілік рәсімі жүргізілуде, үкімет барлық өтініштерді қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдайды; Алдын ала іріктеуден Корея, Ресей, Қытай, Франция өтті. Бұл тізім толық емес. Оған қоса, біз басқа мүмкіндіктерді қарастырып жатырмыз. Атап айтқанда, АҚШ әлеуетті қатысушылардың қатарында және жапондық өндірушілермен бірлескен жобалар да бар»,— деді Сәтқалиев.

Сонымен қатар, форумда Қазақстандағы энергетиканың қазіргі жағдайы, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі атом энергетикасының рөлі, атом энергетикасының әлеуметтік салаға әсері, атом энергетикасы және экология сияқты тақырыптар қамтылған. 

Айта кетейік, Қазақстанда атом электр стансасын салу бойынша референдум әлі өткен жоқ.

Фото: qazaqgreen.com

Тегтер: