Live

Астанада автобус пойызбен соғысты

Астанада Лесозавод ауданындағы теміржол өткелінде автобус пойызбен соғысты. Оқиғаға байланысты автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

1

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, 20 маусым күні Iveco маркалы бағыттық автобус жүргізушісі Тайбурыл көшесіндегі теміржол өткелінен өту кезінде қозғалып келе жатқан локомотивке жол бермеген.

«Соққыдан кейін автобус екпінмен Hyundai автокөлігіне соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады полиция.

Оқиға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 607-бабының 3-бөлігі («Теміржол өткелдерінен өту қағидаларын бұзу») бойынша тіркелді.

Енді жүргізуші 9 айға дейін көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, осыған ұқсас оқиға биыл наурыз айында Алматы облысының Боралдай кентінде болған. Ол кезде бағыттық автобус теміржол өткелінде пойызбен соғысып, бірнеше адам жарақат алған еді. Кейін полиция автобус жүргізушісін жауапкершілікке тартқан.

Тегтер: жол апаты
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз