Қоғам

Астанада ер адамдарды кездесуге шақырып, ақша бопсалағандар сотталды

Астанада үш ер адам адам ұрлау және бопсалау қылмыстары үшін 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сот

Олар Telegram арқылы танысуға шақырып, кейін ер адамдарды күшпен алып кетіп, ақша талап еткен.

Елорда прокуратурасының мәліметінше, сотталғандар мессенджерде қыздардың атынан жалған аккаунттар ашқан. Сол арқылы ер адамдарды кездесуге шақырып, кейін оларды қаладан тыс жерге күштеп апарған. Жәбірленушілерді ұрып-соғып, ар-намысына тиетін бейнежазбаларды жариялаймыз деп қорқытқан.

Осылайша, қаскөйлер үш адамнан жалпы 2,2 млн теңге алған. Сонымен қатар жәбірленушілердің бірін микроқаржы ұйымынан несие рәсімдеуге мәжбүрлесе, екіншісінің көлігін иемденіп кеткен.

Сотта мемлекеттік айыптаушы үш сотталушының кінәсін дәлелдеді. Нәтижесінде олардың әрқайсысына 7 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің келтірілген шығынды өндіру туралы азаматтық талаптары да қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз