Live

Астанада көпқабатты үйден тұрғындар эвакуацияланды

Астанада дәл қазір өрт сөндірушілер көпқабатты тұрғын үйдегі өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

П

Бұл туралы Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Қ. Әзербаев көшесіндегі 10 қабатты тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтерде өрт шыққан.

Құтқарушылар өртті толық сөндіру үшін барлық қажетті шараларды қолға алған. Жедел түрде өрт сөндіру  іске қосылып, үздіксіз су беру қамтамасыз етілген. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өртті сөндіруге арналған бірнеше учаске ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта тұрғындар эвакуацияланып жатыр.

Оқиғаның мән-жайы нақтылануда. Әзірге «112» пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Тегтер: өрт Астана
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз