Қоғам

Астанада мектеп оқушылары қатарластарын жабылып ұрып, видеоға түсірген

Астанадағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясының оқушылары қатарластарын жабылып, ұрып-соққан.  Ал, қасындағы балалар буллингті видеоға түсірген.

м

Видео астындағы жазбада 9-сынып оқушыларының өз құрдастарын үнемі ұрып-соғатыны жазылған.

Оқушылар тобы үнемі басқа оқушыларды қорқытып, ұрып-соғып, мазақ қылған. Жаппай жабылатындардың құрамында шамамен 15 адам болған. Оқытушылар құрамы, меңгерушілер мен директор бұл жайтты білсе де, ешқандай шара қолданбайды деген ақпарат бар, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысының Темір ауданында оқушылар арасында жанжал болып, бір оқушы мерт болған болатын. Оқиға 2 қыркүйекте Темір ауданындағы Кеңесту ауылында болған. Жанжал кезінде 9-сынып оқушысы екінші оқушыны өлтірген. 

Темір аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Төбелескендер анықталып, полицияға жеткізілді.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Nazym Sapar
Nazym Sapar Nazym Sapar

Оқыңыз