Live

Астанада өнер көрсету кезінде балағат сөз айтқан стендап-комикке 86 мың теңге айыппұл салынды

Астанада өнер көрсету кезінде балағат сөз айтқан стендап-комикке 86 мың теңге айыппұл салынды

1

Астанада стендап кешінде бейәдеп сөздер қолданған әзілкеш әкімшілік жауапқа тартылды. Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 86 500 теңге айыппұл салды.

Сот мәліметінше, стендап-комик елордадағы ойын-сауық орындарының бірінде өнер көрсету барысында бірнеше рет балағат сөздер айтқан. Сот оның әрекетін көрермендерге құрметсіздік көрсету және қоғамдық тәртіпті бұзу деп бағалаған. Іс бойынша негізгі дәлелдердің бірі ретінде әзілкештің өнер көрсету сәті түсірілген бейнежазба ұсынылған.

Сот отырысында комик өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірген. Сондай-ақ әкімшілік қамауға алмауды сұраған. Сот оның кінәсін мойындағанын және өкінгенін ескеріп, 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл тағайындаған.

Сот әзілкештің аты-жөнін жарияламаған. Ресми хабарламада ол тек "Қ. есімді азамат" деп көрсетілген.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін де стендап-комиктер жауапқа тартылған

Қазақстанда әзілкештердің сахнада айтқан сөздері үшін әкімшілік жауапқа тартылуы алғаш рет болып отырған жоқ. Мәселен, 2024 жылы Астанада стендап-комик Александр Меркуль өнер көрсету кезінде балағат сөздер қолданғаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын.

Ол да ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылған. Бұл жағдай әзіл-сықақ жанрындағы сөз бостандығы мен қоғамдық орындарда бейәдеп сөз қолдануға қатысты құқықтық шектеулер мәселесін көтерген еді.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: айыппұл
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз