Live

Астанада өрттен үш баласынан айырылған әйел есін жиды

Астанада болған өрттен аман қалған әйел есін жиды. Алайда оның жағдайы әлі де ауыр күйде қалып отыр.

1

Қайғылы оқиғада үш бірдей баласынан айырылған әйел жетінші күн қатарынан жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайының ауырлығы күйік шалғанымен, тыныс алу жолдарының зақымдануымен және ағзаның улануымен байланысты.

«Қазіргі уақытта науқас есін жиды, берілген тапсырмаларға жауап береді. Барлық қажетті дәрі-дәрмекпен ем жүргізілуде. Тыныс алуы жасанды өкпе желдету аппараты арқылы қамтамасыз етілуде. Жүрек жұмысы мен қан қысымы тұрақты», – деді травматолог дәрігер Марат Сабиров.

Еске салайық, 12 сәуірге қараған түні Астанадағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде өрт шыққан. Оқиға орнынан үш баланың мәйіті табылған. Өрт сөндірушілер олардың анасын аман алып қалып, күйік жарақаттарымен №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізген.

Жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланып, тағы шамамен 40 адам ғимараттан өз бетінше шыққан. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Сонымен қатар, оқиға болған тұрғын үй ауласына кіру жолын көлігімен жауып тастаған жүргізуші жауапқа тартылған.

Тегтер: Астана өрт
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз