Әлеумет

Астанада пәтер кезегінде тұрған аналарды ауылға «қуып жатыр»

Нұр-Сұлтанқаласында пәтер кезегінде тұрған көпбалалы аналарға ауылдан үй ұсынылды.

Астанада пәтер кезегінде тұрған аналарды ауылға «қуып жатыр»

ОларСҚО-нан 70-90 шаршы метрлік баспана алулары ықтимал. Бұл туралы «ЖасАЛАШ»тілшісі хабарлайды.

Соңғыкезде астанада жиілей түскен көпбалалы аналардың шеруі Үкіметтің бас ауруынаайналған. Әдетте кабинетінен шықпайтын әкім, министрлер қоғамдық көлікке деотырып көрді. Баспанасыз жүрген аналардың мәселесін билік «Еңбек» дегенбағдарламамен шешіп тастамақ. Үй беріледі. Бірақ, жас астанаға арман қуыпкелген отбасылар ол үшін ауылға қайту керек екен.

Олүшін сіз Нұр-Сұлтан қаласында пәтер кезегінде тұруыңыз қажет. Сондай-ақ,отбасында үш баладан кем болмауы тиіс. Ерлі-зайыптылардың бірі механизатор,электрик, токарь, құрлысшы, мал дәрігері, жүргізуші сынды мамандық иесі болуыкерек. Осындай талаптаға сай болсаңыз СҚО Ғабит Мүсірепов ауданына қарастыШөптікөл, Пески, Разгульное сынды ауылдардан жалға үй ала аласыз. Ай сайынғықұны 7 мың мен 9 мың теңгенің арасы. Бес жылдан кейін жекешелендіру жағықарастырылған.

«Еңбек»бағдарламасына қатысқысы келетіндер астана әкімдігіндегі «Тұрғын үй» қорынақұжаттарын өткізе алады. Бұған дейін кезекте тұрған аналарға Павлодароблысындағы Екібастұз қаласынан пәтер ұсынылған.

Фото: oouagoiwoye.edu.ng

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз