Әлеумет

Қазақстанда бала туған отбасыларға несие демалысын беру ұсынылды

Халық кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов бала туу көрсеткішінің төмендеуін жас отбасылардың экономикалық қиындықтарымен байланыстырды.

отбасы саясаты

Оның пікірінше, сәби дүниеге келгенде ата-ананың біреуі декреттік демалысқа шығып, отбасының табысы азаяды, ал шығыны көбейеді.

Әбеновтің айтуынша, көптеген жас отбасы табысының жартысын жалға алған баспанасына жұмсайды. Сондықтан өз үйін сатып алуға мүмкіндік таба алмай, жылдар бойы несиеге өмір сүруге мәжбүр. Қазір банктердегі жеке тұлғалардың жалпы несие көлемі 26,7 трлн теңгеге жеткен. Ал өтелмеген несиесі бар қазақстандықтардың саны – 9,16 млн адам.

Осыған байланысты ол жас ата-аналарға несие демалысын беру тетігін әзірлеуді ұсынды. Сонымен қатар жалақыны көтеріп, жас отбасыларды несие міндеттемелерінен босатудың жолдарын қарастыру қажет екенін айтты.

Әбенов әлеуметтік жәрдемақыдан айыру кезінде де отбасылардың жағдайын ескеріп, шектен шықпау керегін атап өтті.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз