Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:45, 24 Мамыр 2024

Астанадағы бір пәтердің өзіне 937 адам тіркеліп алған

в
Фото: из открытых источников

Астанадағы бір пәтердің өзіне 930-дан астам адам тіркеліп алған. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.

Прокурорлар жалған мекен-жайлар бойынша және «резеңке пәтерлерде» тіркелген 22 мың шетелдікті анықтады.

Астанадағы бір пәтерде шетелдіктерді қосқанда 937 адам тіркелген, бірақ онда бір ғана отбасы тұрған. Алматы облысында осындай 13 мың факті анықталды. Тексеріс нәтижелері бойынша құжаттарды қолдан жасауға, шекараны заңсыз кесіп өтуге, сот актілерін орындамауға және басқа да бұзушылықтарға байланысты барлығы 42 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қарағанды облысында ХҚКО, медициналық мекемелер мен «көмекшілер» деп аталатын қызметкерлерді қамтитын қылмыстық топтың жұмысы тоқтатылды, олар ақша үшін еңбек шарттарын, медициналық анықтамаларды қолдан жасап, тұрғын үйді жалған тіркеуді ресімдегені айтылды.

Фото: ҚР Бас Прокуратурасы