Астаналық көп балалы аналар Парламентке басып кірді
Бүгін, 11 сәуір күні түстен кейін бір топ әйел Парламент Мәжілісінің ғимаратынабасып кірді.
Тура мағынасында солай деуге болады.
Көп балалыастаналық әйелдер атаулы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік баспанаға кезеккетұрудағы қиындықтарын айтып, алдымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрлігінің ғимаратына, кейін Парламент Мәжілісінің ғимаратына келді.

Мәжілісте екі-ақ депутат бар ма?
Елордадағы бастыдаңғылдардың бірі – Мәңгілік ел бойымен Парламент ғимаратына қарай беттегенқырық шақты әйелді алдымен әлеуметтік желіден көзіміз шалды. Олар бірінші Еңбекжәне халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне барып, оған оңайлықпен кіреалмаған соң, Парламентке беттеген.
Әйелдердің бұлшеруінде ешқандай саяси астар жоқ. Олар Үкімет қабылдаған заңға сәйкес,өздеріне тиесілі атаулы әлеуметтік көмек пен баспанаға қол жеткізе алмаған соң,депутаттарға шағымдану үшін жиналған.
Бір қызығы,оларды жолда құқық қорғау органдары тоқтатқан жоқ. Мәжілістің ең үлкен есігінежиналған әйелдерді ешкім қуған да жоқ. Мәжіліс күзетшілері оларды еш тізімсіз,рұқсат қағазсыз ғимаратқа кіргізіп, үлкен дәлізге жинады. Депутаттарға көпбалалы аналар келді деп хабар берілді.
Қырықтан астамкеліншектің алдына Мәжілістегі 107 депутаттың екеуі (!), Бейбіт Мамраев пен КәрібайМұсырман, ал, Үкімет өкілдерінен жалғыз Светлана Жақыпова ғана (Еңбек және әлеуметтікқорғау вице-министрі) шықты.
Бейбіт Мамраевтыоншақты, Кәрібай Мұсырманды тағы біраз келіншек, Жақыпованы да біраз ана қоршапалған.
Анықтағанымыздай,астаналық көп балалы аналар 1-сәуірден бастап берілетін атаулы әлеуметтіккөмек, яғни, бір балаға 20800 теңге жәрдемақы алу үшін құжат тапсыра алмағансоң және 20800 теңгенің өте аз, кемінде, 42 мың теңге жәрдемақы берілуі керекдеген талаптарын айту үшін жиналған.
Бұдан бұрын жергіліктіәкімдік өкілдері атаулы көмекті алу үшін тек бір құжат – жеке басының куәлігі ғанакерек деп хабарлаған еді. Аналар олай болмай шықты дейді.

— Бес балам бар, жолдасыммен ажырасқанмын. Олалимент төлеп тұрды, бірақ, Кореяға жұмыс іздеп кетіп, сол қалпы жоғалып кетті. Кәдімгі іздеуде жүр. Мен жұмыс сұрапотырғам жоқ, жұмысым бар. Маған пәтер керек. Уақытша болсын, тұратын жерімболса, пәтерге төлеп отырған ақшаны Тұрғын үй жинақ банкіне салып, өзім-ақ үйалар едім. Ай сайын бес баламмен жалдап тұрған қуықтай үйге 70 мың, коммуналдыққызметтің ақшасын қоссам, 90 мың төлеймін. Жеңілдікпен баспана берсе, мен сол70 мың теңгені біреудің қалтасына емес, өз үйіме құяр едім ғой, — дейді «Жас Алаш» тілшісіне сұхбат берген көпбалалы ана Гүлшат Сәрсембиева.
20 мың теңге үшін жанталас...
Атаулы әлеуметтіккөмек алу үшін құжат тапсыруға барып, бірақ, тапсыра алмаған әйелдердің бірі –осы Гүлшат екен.
— Бір ғана жеке куәлікпен қабылдайды деп бардым.Бірақ менен некенің бұзылғанын растайтын куәлік, соңғы үш айда төленген алименттуралы қағаз, балалардың туу туралы куәлігі, көп балалы ана екеніңді растайтынқұжат, мекен-жай анықтамасын сұрады. Бұрынғы күйеуім 2018 жылдың желтоқсанындасоңғы рет алимент төлеген, одан кейін шетелге кетіп қалып, сол қалпы жоқ. Оныңжоғалып кеткені және соңғы үш айда алимент төленбегені базада тұр, бірақ маған2019 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айлардың мәліметі керек деді. Міне,сондықтан, мен атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыра алмай қалдым, — дейді ол.
Ал, үкімет 2пайызбен береміз деген ипотекалық үйді алу былай тұрсын, кезегіне тіркелу үшінкемі 18-20 құжат керек екен дейді.
— Ал, жеңілдікпен берілетін баспанаға кезекке тұруүшін 18-20 түрлі құжат керек деді. Балаларымның оқитын жерінен анықтама, саунемесе ауру екенін растайтын анықтама, соңғы 12 айдағы кірісің туралы анықтама,көші-қоннан анықтама, көп балалы ананың анықтамасы, тұрақты тіркеу туралыанықтама… Үй керек, ерінбедім, ол құжаттарды дайындадым, тек тұрақты тіркеуіңжоқ деп, қабылдаудан бас тартып жатыр. Мен тұрақты тұратын жерім болмаған соң,ақша төлеп тіркеуге тұрып жүрдім, бірақ үш айға ғана. Үш ай сайын тіркеуімауысқан соң, жеңілдетілген баспана кезегіне тұра алмай жүрмін, — деді екідепутаттың көзінше ол.
«Сол адамды алдыма алып келіңізші!»
Әйелдердің мұңынтыңдап, шағымын қабылдап жүрген Светлана Жақыповадан атаулы көмек алуға расыменқандай құжаттар керек екенін сұрадық. Вице-министр бір ғана документ – жекебасының куәлігі ғана дейді. Парадокс.

— Атаулы әлеуметтік көмек бір ғана құжатпенқабылдануы керек. Сіздерге (көп балалы аналарға) ондай тізімді беріп жүрген кімекенін менің алдыма әкеп беріңізші. Міне, осы қызметкер менен осынша құжатсұрады деп, алып келіңізші. Мен сол қызметкермен барып, өзім кездескім келіптұр. Әйелдермен уәделестім, ертең сағат таңғы 09.00-де Нұр-Сұлтан қаласы,Бейбітшілік,25 мекен-жайында орналасқан жұмыспен қамту орталығына бірге барып,мән-жайды анықтаймыз», — деді Светлана Жақыпова.
Вице-министратаулы әлеуметтік көмек сұраған кейбір аналарға көмек негізсіз берілмей жатқанын,тіпті, кейде құжат қабылдамай қойған фактілер болғанын растады. Оның бәрінқазір арнайы комиссия тексеріп жатыр.
Қалған депутаттар қайда?
Мәжілістіңәлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Кәрібай Мұсырманнан қалғанәріптестері кабинеттерінен неге шықпады деп сұрадық.
— Мен кабинетімде жұмыс істеп отырған едім, астына әйелдер келді деген соң түстім. Қалғандепутаттар қайда екенін білмеймін. Әйелдер әлеуметтік көмек мәселесі мен тұрғынүй мәселесін айтып келіпті. Олардың бір талабы – әлеуметтік көмектің мөлшерінбір балаға 42 мың теңгеге дейін көтеру. Бұл мәселе бойынша Елбасыныңтапсырмасымен Үкіметте жұмыс тобы құрылған. Мәселе қазір сонда талқыланыпжатыр. Талқылап болған соң Үкімет бізге заңның жобасын әкеледі. Содан кейінғана депутаттар мәселеге заңды тұрғыда кіріседі. Ал, осы уақытқа дейін мағанәйелдерден жазбаша өтініш түскен жоқ. Жиналған әйелдерден жазбаша өтінішқабылдап жатырмыз, — дейді ол.
40-50 минутқасозылған Парламент ғимаратындағы аналар мен депутаттар, нақтырақ айтсақ, екідепутаттың кездесуі бір мәмілемен аяқталды деуге болады. Әйелдер СветланаЖақыпова мен екі Мәжіліс депутаттарының атына өз талаптарын жазып, арызқалдырды. Арыз соңына жеке куәлік көшірмесін тіркеңіздер деген әйелдер Парламентғимаратынан көшірме жасайтын (ақшаға) аппарат таба алмай, тағы кідірді.Парламент қызметкерлері қайдан әкеліп, қалайша тез орнатқаны белгісіз, дәлізгексерокс аппаратын қойды да, тегін көшірме жасап берді. Бұл – көп балалыаналарға көрсетілген құрмет пе, әлде аяқ асты жиналған аналардан қорқу ма,әркім өзінше баға беріп жатты.
… Аналар осы уақытқа дейін қиын өмірден шаршағанын айтып, бірінен соң бірі шағымданып жатқанда, олардың балалары әдемі, биік ғимаратқа таңырқай қарап, кең, өте кең дәлізде қамсыз ойнап, жүгіріп жүрді.
Фотолар автордікі.