Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:52

"Астананың бас имамына арналған зәулім үй" деп видео түсірген азаматқа сот 700 мың теңге айыппұл салды

1
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әлеуметтік желіде жала жапқаны үшін Б есімді азаматқа қатысты істі қарады.

Сот құқық бұзушының әлеуметтік желіде Астананың бас имамына тиесілі екенін айтып, зәулім үйді көрсеткен видеоны жариялағанын анықтаған. Видео авторы бұл үй халықтың қайырымдылық қаражатына салынғанын айтқан.

"Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, үйдің кімге тиесілі екенін және қандай қаражатқа салынғанын білмейтінін айтты, видеоны ол қаралым жинау үшін ғана жариялаған", - делінген хабарламада.

Сотта имам видеоның авторын «әлеуметтік желілерде оның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін және көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін» заң бойынша жазалауды сұраған.

Сот қаулысымен Б. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 180 АЕК (707 760 теңге) көлемінде айыппұл салынған.

Айта кетейік, желіде Астана қаласындағы зәулім үй "имамдікі екен" деген видео тараған болатын. Видео қоғам арасында қызу талқыланды. Кейіннен Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов  бұл үйдің өзінікі емес екен айтты. Бұдан соң Астана қаласының тұрғыны Нұрлан Лесбекұлы желіде тараған "бас имамның зәулім үйі екен" деген ақпаратты жоққа шығарып, ол үйде өзі тұратынын мәлімдеді

Тегтер: