Live

Азамат Шарғынның "Шырмауық" фильмі Токиода әлемдік премьерасын өткізеді

«Шырмауық» фильмі Токио кинофестивалінің бағдарламасына енді

Шырмауық фильмі

Қазақ режиссері Азамат Шарғынның дебюттік «Шырмауық» фильмі 39-шы Токио халықаралық кинофестивалінің ресми бағдарламасына енді. Туынды Asian Future конкурстық секциясында көрсетіледі.

Фильмнің әлемдік премьерасы Токиода өтеді. 1985 жылы негізі қаланған Токио халықаралық кинофестивалі халықаралық деңгейдегі беделді кино алаңдарының бірі саналады.

Азамат Шарғын, Еркінбек Пітірәлиев
Суретте режиссер Азамат Шарғын мен оператор Еркінбек Пітірәлиев. Фото:Азамат Шарғын

«Шырмауық» фильмі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.

Щырмауық
"Шырмауық" фильмін түсіру сәті. Фото: Азамат Шарғын/Шырмауық

Фильмде бір шаңырақ астында тұрып жатқан отбасының ішкі қарым-қатынасы баяндалады. Оқиға өзен жағасындағы шағын ауылда өрбиді. Айымхан есімді егде әйел ұлы Самат, келіні Гүлжан және немересі Үмітпен бірге тұрады. Үйдің берекесі оның күнделікті қамқорлығының арқасында сақталып тұрғанымен, Самат пен Гүлжан бір-бірінен алыстай бастайды.

Азамат Шарғын
Фото: Азамат Шарғын

Фильмнің сценарий авторы әрі режиссері – Азамат Шарғын. Операторы – Еркінбек Птралиев, суретші-қоюшысы – Сәбит Құрманбек, атқарушы продюсері – Ардагер Сантыбаев.

Азамат Шарғын
Фото: Азамат Шарғын

Басты рөлдерде Алмахан Кенжебекова, Раяна Қуат, Нұрлан Әбілов және Лаура Сабитова ойнайды. 

39-шы Токио халықаралық кинофестивалі 2026 жылғы 26 қазан мен 4 қараша аралығында Токио қаласында өтеді.

Т. РАУШАНҰЛЫ
Т. РАУШАНҰЛЫ Т. РАУШАНҰЛЫ

Оқыңыз