Live

Қазақстан Ресеймен соғыс аймағындағы азаматтарды елге қайтару мәселесін талқылап жатыр

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапымен соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта қалған қазақстандықтарды елге қайтару мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.

СІМ

Бұл туралы СІМ-нің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді. Оның айтуынша, соғыс аймағында жүрген қазақстандықтардың кейбір отбасы мүшелері министрлікке көмек сұрап жүгінген.

Ведомство туыстарынан азаматтардың аты-жөні, туған күні, болжамды орналасқан жері және еңбек келісімшартының талаптары туралы ақпарат ұсынуды сұрайды. Бұл деректер азаматтардың жағдайын анықтап, оларды қайтару мәселесін қарастыру үшін қажет.

2 қазанда Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ресейдің Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті. Сонымен қатар жақын арада Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ресей Сыртқы істер және Қорғаныс министрліктерінің басшылығымен кездесулер өткізеді.

Министрлік келіссөздердің нәтижесі туралы қосымша ақпарат берілетінін хабарлады.

Қазақстандықтардың туыстары СІМ-нің жедел желісіне +7 (7172) 72-05-00 нөмірі немесе [email protected]электронды поштасы арқылы хабарласа алады. Ресейдегі Қазақстан елшілігінің консулдық қызметіне +7 (925) 897-71-14 нөмірі немесе [email protected] арқылы жүгінуге болады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз