Руханият

Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақ спортшысы Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде сенімді жеңіске жетті.

Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Нэшвиллдегі турнирде Асудың қарсыласы америкалық Ауди Осборн болды. Екінші раундта жерлесіміз қылқындыру әдісін қолданып, қарсыласты жеңілісін мойындауға мәжбүр етті.

29 жастағы Асудың ММА-дағы жаңа рекорды 18-2. Қазақстандық қатарынан он төртінші жекпе-жегінде жеңісті нәтиже тіркеді.

Қоса кетейік, жақында ғана тағы бір қазақстандық Азат Мақсұм да ММА-дан әлемнің үздік ұйымындағы жолын жеңіспен бастаған болатын.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз