Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:11, 11 Сәуір 2024

Атбасар қаласын су басты

а
Фото: из открытых источников

Атбасар қаласында су тасқыны болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ мәлімдеді.

Атбасар қаласында Жабай өзенінің деңгейі 4.45 сыни белгіден асып, 4.50-ді құрады. Жер біліктерін нығайту және қосымша салу жұмыстары жүргізіліп жатқаны айылды.

Жабай өзенінде су деңгейінің жоғарылауына байланысты Ақмола облысының Атбасар қаласында су тасқыны болды, делінген ТЖМ хабарламасында.

Бұған дейін халыққа су тасқыны болуы мүмкін жерлерден эвакуациялау қажеттігі туралы екі рет хабарланған. Бүгінгі таңда 123 адам эвакуацияланды, оның ішінде 11 зейнеткер және 29 бала, барлығы туыстарында.

Су тасқынына қарсы жұмыстарға Ақмола, Жамбыл облыстарының ТЖД, М.Ғабдуллин атындағы АҚА курсанттары, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және еріктілерден 133 адам, 38 бірлік техника және 10 мотопомпалар жұмылдырылған.

Тәулігіне 72 960 м3 су сорылды, 1000 қап жиналып, 2000 қап инертті материал төселген. 

Фото: ТЖД

Тегтер: