Саясат

Атырау әкімінің міндетін атқарушы 100 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

Атырауда қала әкімінің міндетін атқарушы Тілек Махуов ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды.

Талғат

Бұл туралы өз дереккөздеріне сілтеме жасаған журналист Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, 49 жастағы шенеунік 100 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Хабарламада айтылғандай, қомақты қаражат «Атырау қаласының кәріз желілерін күрделі жөндеу» жобасына мүдделі компанияның пайдасына өзгерістер енгізуге жәрдемдескені үшін берілген. Тергеу нұсқасына сәйкес, ақша осы нысанда қосалқы мердігерлік жұмыстарды атқарған делдал арқылы тапсырылған.

Қылмыстық іс материалдарында еліміздегі су шаруашылығы саласындағы ірі компаниялардың бірі – «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС басшылығының да аты аталады.

Айта кетейік, бұл кәсіпорын ірі салық төлеушілердің қатарына жатады. Былтыр ғана компания бюджетке 2,5 миллиард теңгеден астам салық аударған.

«Бұл резонансты істі тергеумен ҰҚК-нің Атырау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен Атырау облысының прокуратурасы бірлесіп айналысып жатыр», – деп хабарлады дереккөз.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз