Сараптама

Атырау қалалық полиция басқармасының басшысы ұсталды

Атырау қаласы полиция басқармасының бұрынғы басшысы Бақтыбек Бақтығалиұлы Исаев ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Омаров

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жоспарлы қызметтік тексеріс барысында қалалық полиция басшысының тарапынан заңға қайшы әрекеттер фактілері анықталған. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ведомство өкілдері істің мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайтынын атап өтті.

Бұған дейін тексеріс өңірдегі өзге де полиция басшыларын қамтығаны хабарланған болатын. Дереккөздердің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Алишер Нуршаев пен полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Саламат Қалиевке қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылып жатыр.

Осылайша, бұған дейін тек қызметтен шеттету аясында қаралған жағдай енді қылмыстық іс деңгейіне өткен.

Тегтер: Атырау
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз