Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:42, 13 Мамыр 2024

Атырауда археологиялық қазба орындарын су басу қаупі бар

f
Фото: из открытых источников

Атырауда Сарайшық қалашығы мен археологиялық қазба орындарының ежелгі қорымдарын су басу қаупі бар. Бұл туралы жергілікті Ақ жайық басылымы хабарлады.

Қазір Атырау облысы ТЖД 40-қа жуық қызметкері Индер ауданынан көшірілген.

Қазіргі уақытта жағалауды нығайту жұмыстарына ҚР Қорғаныс министрлігінің "Батыс" РМҚК 60 қызметкері және екі арнайы техника бірлігі, сондай-ақ, Қарағанды облысы ТЖД 52 859 ә/б 25 қызметкері жұмылдырылды. Құтқарушылар мен әскери қызметшілер қалашықтың айналасындағы қорғаныс қоршауларын нығайтуға тартылады, деп жазды басылым.

Қауіпті аймақтарда Қорғаныс министрлігінің 200-ге жуық әскери қызметшісі мен Төтенше жағдай министрлігінің 51 қызметкері екі ауысымда жұмыс істеп жатыр.

Фото: Ақжайық

Тегтер: