17:52, 27 Наурыз 2025
Атырауда мемлекеттік тумен суретке түскен хиджабтағы қыздар қамауға алынды

Атырау қаласындағы мұз айдынында төрт қыз қара ниқаб киіп, Қазақстан туымен суретке түскен.
Бұл сурет әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен талқылауға себеп болды. Көпшілік мұны Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау деп қабылдады.
Бұл оқиғаға қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Атырау облыстық полиция департаменті бірлескен тексеру жүргізді. Ледовый сарайының бейнебақылау камералары зерттеліп, даулы тудың Instagram дүкенінен сатып алынғаны анықталды.
Атырау облыстық полиция департаментінің ресми мәліметіне сәйкес, бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қыздардың әрекеті «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» бабы бойынша тергеліп жатыр. Қазіргі таңда төрт күдікті анықталып, полицияға жеткізілген.