Әлеумет

Атырауда 19 студент уланды

Атырау сервис колледжінің 19 студенті бір мезгілде газдан уланып, облыстық ауруханаға жатқызылды.

Атырауда 19 студент уланды

Бұл туралы өңірдегі «Жас АЛАШ» тілшісі хабарлайды.

-Жедел жәрдем қызметіне қоңырау сағат13.30-да келіп түсті. Жедел жәрдем көлігі оқиға орнына 4 минутта барды.Ауруханаға түскен барлық студентке алғашқы медициналық қызмет көрсетілді, қазіржағдайлары қалыпты. Бір бала Атыраудағы жұқпалы аурулар ауруханасынажеткізілді, — деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасыныңбаспасөз хатшысы Аманжол САҒЫНҒАЛИЕВ.

Белгіліболғандай, студенттер тыныс алу жолдарының ауырғанына шағымданған. Алдын алақойылған диагноз бойынша олар «газдан улануы» мүмкін. Алайда Атырау сервисколледжінің директоры Галина БУРЕВСКАЯ бұлай болуы мүмкін еместігін айтады.

-Бүгін корпуста 421 студент болды. Көбісіпрактикада болғасын келген жоқ. Солардың ішінен сабақтан кешіккен 19 студенткеиіс тиіпті. Олардың басы айналып, денсаулығы нашарлап жатқасын, дереу тазаауаға алып шыға бастадық. Шынымды айтсам, оларға қалай иіс тиуі мүмкін екенінде біліп тұрған жоқпын. Себебі, газ қазандығы өшірілген. Ас электрлік пешарқылы дайындалады. Ғимаратта қандай да бір иіс болуы мүмкін деп ойламаймын, — деп шарасыздық танытады Галина Саметқызы.

Әзіргестуденттердің қолындағы бұйымдарын тексеру де нәтиже бермеген. Ешқандай иістаратуы мүмкін артық-ауыс зат табылған жоқ. Нақты нәтиже тергеу жұмыстарынанкейін белгілі болмақ.

Фотоларды автор ұсынды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз