Қоғам

Атырауда белгілі журналистің көлігі өртенді

Атырауда журналист Виктор Сутягиннің көлігі өртенді. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, — деп хабарлайды Жас Алаш Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Атырауда белгілі журналистің көлігі өртенді

Виктор Сутягиннің ҚазАқпарат тілшісіне айтуынша, түнде оның көлігіне белгісіз біреу жақындап, «капотта бірдеңе жасаған», содан кейін жарылыс дауысы естілген. Журналистің айтуынша, оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Виктор Сутягин ҚазАқпараттың Атыраудағы меншікті тілшісі болып жұмыс істейді.

"ҚазАқпарат" ХАА редакциясы қалалық полиция департаментінен бұл оқиғаға қатысты пікір білдіруін сұрады.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз