Қоғам

Қарағанды циркінде гимнаст бес метр биіктіктен құлап кетті

Қарағанды циркіндегі қойылым кезінде әуе гимнасты шамамен бес метр биіктіктен құлаған.

Цирк

Ekaraganda басылымының мәліметінше, әртіс өнер көрсеткен сәтте сақтандыру құралдарын пайдаланбаған.

Нөмірді орындау барысында гимнаст тепе-теңдігін жоғалтып, жерге құлаған. Оқиғадан кейін жүргізуші әртісті дәрігерлер тексергенін және оның жағдайы жақсы екенін көрермендерге хабарлаған. Осыдан соң цирк қойылымы жалғасын тапқан.

Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Қолданушылар гимнасттың денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, әртіс құлағаннан кейін шоудың жалғастырылғанына наразылық танытты.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Цирк
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз