Әлеумет

Атырауда дәрігерлер жетіспейді

Атырауда әлі медицина қызметкерлері тапшы.Мәселені шешу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының шенеуніктері жыл сайын медициналық оқу орындарының базасында өтетін «түлектер жәрмеңкесіне» барып, жас мамандарды мұнайлы астанаға жұмысқа келуге шақырып жүр.

Атырауда дәрігерлер жетіспейді
Осылайша, тек биылдың өзінде 114 маманмен  келісімшартқа отырған. Бұдан бөлек, жергілікті 35 студент еліміздің медициналық білім беретін жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Олар оқуы біткен соң бес жыл бойына облыс аумағында еңбек етуге міндетті.Аймақтағы дәрігер тапшылығы мүлдем жойылмаса да, жұмыстанудың арқасында біртіндеп азая бастағандай. Қазіргі болжам бойынша, 2020 жылы 50 жалпы практика, 65 бала дәрігеріне, 52 белгілі бір салаға бейімделген дәрігерлерге қажеттілік туындамақ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиеваның айтуынша, бүгінде Атырау облысына анестезиолог, реанимотолог, неонатолог, патологиялық  анатом, сот сарапшылары, акушер-гинеколог, онколог, фтизиатр, фтизиопатолог, пульмонологтар ауадай қажет.Облыс халқына қызмет көрсетіп отырған 22 аурухана мен 84 емхана да аздық етіп отырған-ды. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында төрт елді мекенде: Исатай ауданының Нарын, Махамбет ауданының Жалғансай, Қызылқоға ауданының Қарабау ауылдарында және қала маңындағы Тасқала  селосында амбулаториялар салынып жатыр. Ал Құрманғазы ауданында 75 орындық аурухана бой көтермек.

Құралай Қуатова, Атырау облысы

Фото:otyrar.kz

  
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз