Әлеумет

Қазақстан жаздан бері Ресейге шамамен 8 мың тонна бензин жөнелткен

Қазақстан жаз айларынан бері Ресейге шамамен 8 мың тонна бензин экспорттаған.

Бензин

Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Алайда министр аталған көлемнің нақты қай кезеңді қамтитынын айтпады.

Оның сөзінше, Қазақстан Ресейге ай сайын 10–15 мың тоннаға дейін жанармай жеткізу мүмкіндігін жоспарға енгізіп отырады. Министр коммерциялық келісімдерге қатысты түсініктеме бермейтінін, өйткені бұл мәселе ведомствоның құзыретіне кірмейтінін жеткізді.

Қазақстан Ресейге АИ-92 маркалы бензиннің шағын партияларын тамыз айының соңында жөнелте бастаған. 

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Бензин Ресей
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз