Audi тарифтерге байланысты АҚШ-қа көлік жеткізуді тоқтатты

2 сәуірден кейін АҚШ порттарына әкелінген Audi автокөліктері Дональд Трамптың жаңа тарифтеріне байланысты дилерлерге берілмейді, деп хабарлады неміс автоөндірушілері.
Неміс автомобиль өндірушісі Audi AG АҚШ президенті Дональд Трамп енгізген қосымша кедендік баж салығына байланысты АҚШ-қа көлік жеткізуді тоқтатады. Шешім 2 сәуірден кейін АҚШ порттарына жеткізілетін барлық автокөліктерге қатысты, деп хабарлады Automobilwoche неміс басылымы. Ертерек келген көліктер жоспар бойынша жеткізіледі.
Audi өкілі Der Spiegel апталығына берген сұхбатында дилерлерге мұндай хат жіберілгенін растады. Оның айтуынша, концерннің АҚШ-қа 2 сәуірден кейін әкелінген барлық өнімдері уақытша тоқтатылып, саудагерлерге жіберілмейді. Қазіргі уақытта АҚШ-тағы Audi қоймаларында жаңа міндеттемелерге жатпайтын және сәйкесінше сатылуы мүмкін 37 000-нан астам автокөлік бар, деп атап өтті концерн өкілі. Ол бұл жеткізілім екі айға созылатынын айтты.
Концерн сонымен қатар қазіргі уақытта жаңа міндеттемелердің өз бизнесіне әсерін талдап, дилерлер мен клиенттерді қолдау шараларын қабылдап жатқанын хабарлады.
Айта кетейік, Трам әлем бойынша көптеген елге баэ салығын енгізді. Оның ішінде Қазақстан да бар. Біздің елге енгізілген салық көлемі 27 пайыз. Ал бүгін Трамп Қытайдың баж салығына жауап ретінде салықты 104 пайызға көтергені белгілі болды.