Саясат

Ауғанстанға жемқорлықпен күресуді Қазақстан үйретпек

Жемқорлықпен күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасарыОлжас Бектенов Кабулға іс-сапармен барған.

Ауғанстанға жемқорлықпен күресуді Қазақстан үйретпек

«NewTimes.kz»ақпараттық агенттігінің хабарлауынша Бектенов онда Ауғанстанның бас прокурорымен,әділет министрімен, жемқорлыққа қарсы орталықтың басшысымен, жоғары сотөкілдерімен кездескен.

Ауғанстанның бас прокуроры Мохаммад Фаридпен екі жақтымеморондумға қол қойып, ынтымақты жұмыс істеуге келіскен.

Бектенов өзі де басшылардың бірі болып отырғанагенттіктің Ауғанстанға көмек беруге дайын екенін айтқан.

Сонымен қатар Бектенов Ауғанстандағы америкалықуниверситеттің студенттерімен, оқытушыларымен кездескен. Ақпарат көзініңайтуынша, Қазақстанның жемқорлықпен күрес саясаты адамдардың қызығушылығынқатты оятыпты. Кездесу нәтижесінде Қазақстанның жемқорлықпен күрес агенттігініңмамандары, қызметкерлері университеттің студенттеріне арналғанвидео-лекцияларды тұрақты жүргізіп отыратын болды. Осылайша Қазақстан Ауғанстанғажемқорлықпен күресті үйретпек.

Фото: NewTimes.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз