Ауыл шаруашылығы министрінің ұлы Ақмола облысында аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Айсұлтан Сейпелов Ақмола облысының Шортанды ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Айсұлтан Сейпелов – Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың ұлы.
Айсұлтан Айдарбекұлы 1995 жылғы 26 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Красное ауылында дүниеге келген.
Ол Канададағы университеттердің бірінде «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Агрономия» мамандығы бойынша білім алған.
Мемлекеттік қызметке келгенге дейін, анасы басқаратын отбасылық шаруа қожалығында басқарушы директор қызметін атқарған.
2026 жылдың маусым айынан бастап Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында еңбек еткен.
Алдымен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы болған. Кейін осы бөлімнің бас маманы қызметіне тағайындалған.
Соңғы тағайындауға дейін де осы бөлімде бас маман болып жұмыс істеген.
Енді Айсұлтан Сейпелов Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары қызметіне кірісті.