Өңір

Ауруханаларға оттегі станциялары орнатылады

Шымкент қаласындағы 4 аурухана базасындаарнайы оттегі станциясы орнатылады. Олар қалалық перзентханада, қалалық жұқпалыаурухана мен №1 қалалық ауруханада және №2 көпсалалы ауруханада.

Ауруханаларға оттегі станциялары орнатылады

Аталғанәр медицина мекемелерінде 50 оттегі төсек-орны ашылады. Бұл туралы қалаәкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді.

ЕрболСадыр бұдан бөлек Шымкент қаласында оттегі өндіретін тағы бір цех іске қосылатынын атап өтті. Онда күніне 1000-2000дана оттегі баллоны шығарылмақ.

Соныменқатар ол қаладағы оттегі өндіретін ірі 3 станцияның жұмысы тұрақты бақылаудаекенін айтты.

Оныңайтуынша, жалпы қалада 722 оттегілік төсек-орын бар.

Алқала аумағындағы барлық 24 ауруханаға бір күнде 1200 оттегі баллоны қажет.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз