Автобустан балаларды мәжбүрлеп түсіргендерге жаза қолданылмақ
Бүгін мәжіліс отырысында балаларды қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заң жобаларында енгізілетін шаралар айтылды. Соның ішінде 16 жасқа толмаған балаларды автобустан мәжбүрлеп түсіргендерге қандай жаза қолданылатыны да айтылды.
– әр ауданда отбасын қолдау орталықтарын ашу;
– өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды ерте анықтау бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру;
– психологиялық және өзге де көмек көрсету үшін 111 контакт центр құру;
– зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, қорқытуға ұшыраған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу ұсынылады.
– 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамды автобустан және өзге де қоғамдық жолаушылар көлігінен мәжбүрлеп түсіргені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.
– 16 жасқа толмаған балаларға жыныстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.